Елімізде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында барлық салалық сервистер «ТОР» платформасына біріктірілді. Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қабылданған шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштері төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Министрдің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға, қаза тапқандар саны 15%-ға, ал зардап шеккендер саны 6%-ға азайған.
Жасанды интеллектіні қолдану арқылы көліктерге бақылау жүргізіледі, 8 сағаттан артық рөлде отырған адамдар, сондай-ақ ұрланған автокөліктер анықталуда. “Қорғау” жүйесі арқылы іздеуде жүрген, жалған нөмір тағып алған көліктерді және “өрескел” бұзушыларды анықтаймыз. Жол ережесі бұзушылықтарын автоматты түрде анықтайтын жүйелерді дамытып жатырмыз. Олардың санын 28 мыңнан 32 мыңға дейін жеткіздік, — деді Ержан Сәденов.
Сонымен қатар республикалық трассаларда көліктердің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі енгізілген. Министрдің айтуынша, аталған жүйе орнатылған учаскелерде жол-көлік оқиғалары 10%-ға, қаза тапқандар саны 33%-ға, ал жарақат алғандар саны 12%-ға азайған.
Бүгінгі таңда бұл жүйе – ұзындығы 2 800 шақырымды құрайтын, 12 учаскеде бар. Жыл соңына дейін, Көлік министрлігімен бірге, тағы 16 учаскеде орнатамыз. Ол қосымша 2 800 шақырымды қамтиды. Осылайша, орташа жылдамдықты өлшейтін құралдар – барлығы 5 600 шақырымды құрайтын 28 учаскеде орнатылады, — деді министр.Тегтер #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz