RU
Толық нұсқаға өту

СҚО, ШҚО-да жылыту маусымы бірінші қазанға дейін басталады

22.09.2026, 11:05 66

Солтүстік және шығыс өңірлерінде жылу беру маусымы бірінші қазанға дейін басталады. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға ерекше мән беріліп отыр.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті өңір әкімдеріне қысқа дайындықты жеке бақылауға алуды тапсырды. Қазір Павлодар облысының желілерінде жылу бар. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жылу осы аптаның аяғына дейін беріледі. Жалпы өңірлердегі жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жылу көздерінде 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут қоры бар. 4 энергоблог, 30 қазандық және 19 турбинадағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған 377 шақырымның 366 шақырымы жөнделді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz