RU
Толық нұсқаға өту

Елордада көлік кептелісін азайтуға бағытталған 48 жоба жүзеге асады

22.09.2026, 11:30 45

Астанада көлік кептелісін азайтуға бағытталған 48 жобаны жыл соңына дейін жүзеге асыруды көздеп отыр. Оң жағалаумен сол жағалауды жалғайтын көпір құрылысы тақауда басталмақ.

Жаңа бағыт Арыс пен Тәуелсіздік өткелдеріне түсетін жүктемені азайтып, Сығанақ пен Ұлы дала көшелеріндегі көлік нөпірін төмендетеді. Қазір инвестор жобаны әзірлеп жатыр. Оның құны мемлекеттік сараптамадан кейін белгілі болады. 

Әлия Абжанова, «Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ жобалау бөлімінің басшысы: 

- Қазір Астана қаласында шаһардың инфрақұрылымын дамытып, көлік кептелістерін азайтуға бағытталған 48 жоба жүзеге асып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 115 шақырым. Соның ішінде Тәуелсіздік көшесінің құрылысын атап өткен жөн. Бұл жоба Мәңгілік ел мен Хусейн Бен Талал даңғылдарындағы көлік нөпірін мейлінше азайтуға сеп болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz