Елімізде дрондар жол қозғалысын реттеуге көмекке келді. Бүгінге дейін көктен бақылайтын құрылғы 20 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін тіркеді.
Осылайша, Ішкі істер министрлігі заманауи технологияларды полицияның күнделікті қызметіне енгізе бастады. Бұл жайлы Polisia.kz сайты хабар таратты. Ұшқышсыз авиациялық жүйелер полиция қызметкерлеріне жолдағы жағдайды бақылап, ережені белден басқандарды дер кезінде жеткізіп отырады. Мәселен, дрондар қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған 3198, көлік тізгінінде отырып, телефон ұстаған 2055 адамды анықтады. Қарсы бетке шығып кеткен 1678 көлік қырағы құрылғының камерасына түсіп қалған.
Тегтер #24KZ #дрон #полиция #жол ережесі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz