Шығыс Қазақстанда еліміздегі ең биік көпірдің құрылысын орнату аяқталды. Яғни Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын, Қатонқарағай бағытындағы Тереңсай асуын айналып өтетін жол құрылысының күрделі бөлігі еңсерілді.
Бұл өткел жолаушыларға Пихтовка өзенінің үстімен еш кедергісіз өтуге мүмкіндік береді. «Дегенмен көпір құрылысы толық бітті деуге әлі ертерек», - дейді мамандар. Өйткені гидеротехникалық құрылым үстіне асфальт төсеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Халық күткен жол жобасын шамамен бір айдан соң аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланып отыр.
Алмас Қасенов, «ҚазАвтоЖол» ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары:
- Жол жиегін нығайту,суағарды орнату, және жол қауіпсіздігін сақтау үшін жол белгіленрі орнатылуда.Қазіргі уақытта жұмыстар қарөқынды жүріп жатыр өндірістік кестеге сай жүріп жатыр.Осы ағымдағы жылдың қазан айының соңында жолды ашу жоспарлануда.
Тегтер #24KZ #ШҚО #көпір құрылысы #Өскемен #Алтай #Үлкен Нарын #ҚатонқарағайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz