RU
Толық нұсқаға өту

Астанада кәсіпкерлікті қолдауға арналған бірыңғай фронт-офис ашылды

22.09.2026, 15:50 44

Кәсіпкерлер енді жеңілдетілген несие, инвестициялық қаржыландыру және өзге де бизнесті қолдау тетіктерін бір жерден ала алады.

Бүгін бас қалада «Даму» қорының базасында «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі ашылды. Шарада Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бой көрсетіп, кеңсенің қызметімен танысты. Фронт-офис бизнес иелеріне қаржылай көмекті арттыруға, кәсіп ашу және оны дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметін жаңғыртуға бағытталған. «Бір терезе» қағидаты аясында отандық кәсіпкерлер экспорттық сақтандыру, лизингке дейінгі мүмкіндіктер, несие мен кепілдік беру құралдарына қол жеткізбек. Техникалық түрде іске қосылғаннан бері кеңсеге 30 мыңға жуық өтініш кеп түсіп, 1200-ден аса жоба қаржыландырылған.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бүкіл өңірлерде ашылған. Сол себепті бір жерге келесің, барлық кеңесті аласыз. Ауылдық елді мекендерге де біздер мобильдік фронт-офистер жасадық. Қазір бүкіл 17 өңірлерде біздерде мүмкіншілік бар. Автобус сатып алдық. Ауылдық елді мекендерге көмекті көбейтеміз. «Іскер аймақ» деген бағдарлама бар. Соның ішінде өзінің арнайы бағытын ашып, ауылдық кәсіпкерлерге көмек жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз – нақты, ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз ету.

Фархат Сәрсекеев, «Даму» қорының басқарма төрағасы:

- Мұның маңыздылығы – мемлекеттік қолдау бағдарламаларын осы қолжетімді қылып жасау. «Даму» қорының құралдарын ғана емес, басқа «Бәйтерек» холдингінің еншілес компанияларын, яғни «Қазақстан даму банкі», «Qazaqstan Investment Corporation», «ФРП», «Қазақ экспорт» компаниялары бар. Осындай бүкіл бес мекеменің құралдарын біріктіріп, кеңесін беріп, өтініштерін қабылдап, қолжетімді қылып жасау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz