Мемлекеттік мүліктің қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанын жасанды интеллект бақылайды.
Күмәнді операцияларды өздігінен анықтай алады. Мұны Қаржы министрлігінің мамандары брифингте айтты. Жаңа жүйе негізінде мемлекеттік активтерді қайта бөлу, оларды күтіп ұстау және жаңартуға кететін шығындарды нақты жоспарлауға ұсыныс беріледі. Саладағы е-қазына платформасы кезең-кезеңімен жетілдіріліп, 40 цифрлық сервис қалыптасты. Солардың ішінде активтерді жекешелендіру, сату, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды есепке алу, жалға және сенімгерлік басқаруға беру қызметтері бар.
Жанасыл Оспанов, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:
- Мемлекеттік активтерді алдын ала талдап, тиімді басқару үшін ЖИ мен Big Data е-қазына құралдарын енгіземіз. Деректер көбейген сайын жүйе инфрақұрылым нысандарының тозуын алдын ала болжай алады және жөндеуді қай уақытта жүргізу дұрыс екенін анықтауға көмектеседі. ЖИ-ге негізделген аналитика мүліктің тиімсіз пайдалануын және күмәнді немесе қалыптан тыс операцияларды анықтай алады.
Тегтер #жасанды интеллект #мемлекеттік мүлік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz