Түркістан облысы Мақтаарал ауданында республикалық маңызы бар ескі көпір жаңғыртылып жатыр.
Мемлекеттік шекара арқылы Халықаралық транзиттік тасымалды жандандыру мақсатында өткелдің ұзындығы 168 метрге ұзартылды. Қазір негізгі тіректер орнатылып, асфальт жабынын төсеуге дайындық жүріп жатыр. Сонымен қатар «Қорғас – Ташкент» жолының 756-шақырымындағы Сарапхана елді мекені маңында жаңа жолайрық пен автокөлік өткелінің құрылысы аяқталуға аз қалды. Кестеге сәйкес, жол жиегіне жарық жүйесі тартылып, арнайы белгілер орнатылып жатыр. Сала мамандарының айтуынша, қос жоба өңірдегі көлік қозғалысын жақсартып, жол қауіпсіздігін арттыруға мол мүмкіндік береді.
Данабек Мырзабеков, «Қазавтожол» ҰК» АҚ филиалының бөлім басшысы:
- Ең біріншіден, халыққа салынып жатқан нәрсе. Маңызды. Бұл көлік ағымын жақсарту, халыққа ыңғайлы жағдай туғызу. Соның айналасындағы елді мекендерге баруға ыңғайлы қосымша жолақтардың салынуы. Жол қауіпсіздігі қозғалысын арттырады. Екеуі де осы 2026 жылдың қазан және қараша айларында толық бітіп, қолданысқа беріледі.
Тегтер #Мақтаарал #көпір #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz