Ақтау гарнизоны құрамындағы бөлімдер Каспий жағалауында сайыс өткізіп, өзара сынға түсті.
Байрақты бәсекеге мерзімді әскери қызметшілер мен арнайы жасақ жауынгерлерінен құралған 8 топ қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес суүсті кедергілерінен өту арқылы тапсырмаларды орындау міндеті қойылды. Қатысушылар бірнеше метр биіктегі пирстен секіріп, 100 метр қашықтыққа жылдам жүзуден шеберлігін байқатты.
Темірлан Құмаров, №25744 Ә/Б гвардия кіші сержанты:
- 6-7 метр биіктіктен секіру және де 200 метрге жүзіп барып, сегіз кедергіден өту. Жарыс өте тартысты болды. Өте қуаныштымын. Айтарым, спортпен шұғылдану керек. Спорт пен сарбаз, ол бірімен бірі егіз ұғым деп білемін. Екеуі қатар жүрсе, барлығына жетеді деп ойлаймын.
Тегтер #Ақтау #гарнизон #әскери #сайыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz