RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде бейәдеп сөз айтқан Талдықорған тұрғынына айыппұл салынды

23.09.2026, 10:10 47

Әлеуметтік желілерге кезекті мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфирде бейәдеп сөздер қолдану дерегін анықтады. Құқық бұзушы Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz –ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында әйелдің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол қоғамдық тәртіпті қайта бұзған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. Істі қарау нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оның кәмелетке толмаған жас балаларының бар екенін ескере отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады, — делінген хабарламада.

Полиция әлеуметтік желілер заң талаптарынан тыс кеңістік емес екенін ескертеді. Көпшілікке арналған тікелей эфирлер барысында жалпыға ортақ әдеп нормаларын сақтау қажет.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz