Астанада жыл басынан бері тіркеусіз тұрған 47 мыңнан аса адам жауапкершілікке тартылды. Олардың 500-ден астамы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде заңнаманы қайта бұзған, деп хабарлайды 24KZ.
«Көрсеткіш былтырғыдан артқан», — дейді прокурорлар. Былтыр 33 мың адам жауапқа тартылған еді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес бас шаһарда тіркеусіз және құжатсыз тұрғандарға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Тегтер #Астана #тіркеу #тұрғын #айыппұл #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz