Шымкентте жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Жасанды интеллектіге негізделген сервис мемлекеттік қызмет түрлерін өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Енді тұрғындар орталықтағы құжаттандыру терминалы арқылы жеке куәлік пен паспортты бірнеше минутта рәсімдей алады, деп хабарлайды 24KZ.
Сонымен қатар мұнда халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, электронды сервистерді пайдалану ережелері үйретіледі. Осы мақсатта кеңсе заманауи моноблоктар, жылдамдығы жоғары сканерлер және eGov пен GPT сервистері орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталып отыр. Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта цифрлық кеңселер желісі кеңейтіліп, өзге өңірлерде де іске қосылмақ.
Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» КЕАҚ басқарма төрағасы:
- Анықтама немесе белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін AlemGPT жасанды интеллекты енгізілді. Ол азаматтарға қажетті қызметтерді жан-жақты түсіндіріп, оларды алуға көмектеседі. Мұндай орталық Шымкентте алғаш рет, ал республика бойынша пәленбайыншы болып ашылып отыр. Жыл соңына дейін мұндай орталықтарды елдің барлық өңірінде ашу жоспарланған.
Тегтер #Шымкент #цифрлық кеңсе #жаңа форматPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz