Елде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі жыл соңына дейін түпкілікті шешілуі тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға жаңа зауыттың оңтайлы қуатын, орналасатын жерін, шикізат базасы мен экономикалық моделін айқындауды тапсырды.
Бұл мәселе мұнай өңдеу саласын дамыту жөніндегі кеңесте қаралды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанға жылына 40 млн тоннаға дейін мұнай өңдеу қуаты қажет болуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс істеп тұрған үш зауыттың қуатын арттыру жобалары да жүзеге асырылып жатыр. 2030 жылға қарай Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаты екі есеге ұлғайтылып, жылына 12 млн тоннаға дейін жеткізілмек. Павлодар зауытының қуаты 9 млн тоннаға дейін артса, Атырау зауытының өндірісі 6,1 млн тоннаға дейін ұлғайтылмақ. Нәтижесінде үш зауыттың қуаты 17,5 млн-нан 29 млн тоннаға дейін өседі.
Тегтер #мұнай өңдеу #Қазақстан #Олжас БектеновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz