RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ арқылы жасалған

Қарағандыда көршісі туралы қауесет таратқан 66 жастағы әйел жауапқа тартылды

23.09.2026, 15:26 54

Қарағандыда көршісі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан 66 жастағы әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz –ке сілтеме жасап.

34 жастағы қала тұрғыны көршісінің өзі туралы жалған ақпарат таратқанына шағымданған. Әлихан Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Төлеген Жанкеев арызды тексеріп, тұрғындардан жауап алған.

Сауалнама барысында бірнеше көрші арызданушы туралы түрлі қауесет тарағанын айтқан. Олардың сөзінше, бұл ақпаратты 66 жастағы көрші әйел таратқан.

Полиция бөліміне жеткізілген әйел өзіне қатысты айтылған ақпаратты таратқанын мойындаған.

Іс сотта қаралып, әйел басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды.

Полиция азаматтарды басқа адамдар туралы ақпарат таратпас бұрын оның шынайылығына көз жеткізуге және өз сөздері мен әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz