RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа алаяқтық схема пайда болды

23.09.2026, 17:40 49

iPhone 18 смартфонына алдын ала тапсырыс беруге қатысты жаңа алаяқтық схема пайда болды.

Белгісіз біреулер Apple компаниясының атынан азаматтарға тапсырыс жайлы жалған хабарлама жіберіп, одан бас тарту үшін «қолдау қызметіне» қоңырау шалуды ұсынады. Олар хабарласқан адамның құпия деректерін алуға немесе белгілі бір әрекетті орындатуға тырысады. Сондай-ақ алаяқтар смартфонды тиімді бағамен брондау үшін арнайы сайтқа бағыттайды. Бас прокуратура өкілдері күмәнді сілтемелерге өтпеуді, бөгде адамдарға құпиясөз, PIN-код, CVV және SMS арқылы келетін растау кодтарын айтпауды ескертеді. Тапсырыс туралы ақпаратты тек сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы тексеру қажет. Жеке деректерін беріп, шоттан ақша жоғалғанын байқаған азаматтар дереу банкке хабарласып, картаны бұғаттап, полицияға жүгінуі тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz