Қостанай облысында заңсыз электронды темекі тасымалының жолы кесілді. Құқық қорғау органдары мен шекара қызметінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде 29 мыңға жуық вейп тәркіленді.
Заңсыз тауардың нарықтағы жалпы құны 288 млн теңгеге бағаланады. Еске сала кетейік, Қазақстанда электронды темекілерді өндіруге, әкелуге, сатуға және таратуға заңмен тыйым салынған. Елімізге заңсыз жолмен әкелінген электронды темекілердің барлығы тәркіленіп, белгіленген тәртіппен жойылды.
Асқар Ахмедьяров, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма бастығы:
- Қостанай облысы бойынша тергеп-тексеру департаментімен қазіргі таңда ҚР ҚК 301 бабының 1-ші бабы бойынша заңсыз вейптерді кіргізу бойынша қылмыстық іс тергелуде. Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеуге жатады.
Тегтер #24KZ #Қостанай #темекі #заңсыз әрекет #тауар #нарық
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz