Атырау облысына биыл жасанды ұрықтандыруға 202 квота бөлінді. Бұған МӘМС жүйесі арқылы 250 млн теңге қаржы қаралған. Жалпы «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында өңірде 394 әйел ана атанды.
Жасанды жолмен бала сүйгісі келетіндер әлі аз емес. Қазір 1200-ге жуық тұрғын диспансерлік есепте тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 15 мыңға жуық бала дүниеге келген. Жалпы жыл сайын медициналық көмекке шамамен 20 мыңнан аса ерлі-зайыпты жүгінеді.
Гүлнар Есқайырова, репродуктолог:
- Жалпы диспансерлік есепте бедеулік бойынша 1180 адам диспансерлік есепте тұр. Ал енді квотаны критерий бойынша анықтаймыз. Бізде комиссия бар. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бізде комиссия өтеді. Осы жерде, перинаталдық орталықта әрбір сәрсенбі сайын таңертеңгі 9 жарымнан бастап, комиссияда қаралады.
Тегтер #24KZ #Аңсаған сәби #Атырау облысы #ана #репродуктологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz