RU
Толық нұсқаға өту

Атбасарда теміржол вокзалы жаңарды

23.09.2026, 20:30 53

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы теміржол вокзалы толық жаңғыртылып, қолданысқа берілді. Нысанның аумағы кеңейтіліп, инженерлік инфрақұрылымы жаңарған.

Вокзалдың іші де жаңа жиһазбен жабдықталды. Бұл жұмыстарды Integra Construction KZ компаниясы жүргізді.

Атбасар қаласындағы теміржол вокзалы қайтадан салынды деуге болады. Өйткені іргетасы 1956 жылы қаланған ескі ғимарат толығымен сүріліп, орнына жаңа нысан бой көтерді. Қазір заманауи кешенде жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Ана мен бала бөлмесі ашылып, мүгедектігі бар жандарға арналған арнайы кабинет те қарастырылған. Нысан аумағы да айтарлықтай кеңейтілген.

Мадияр Саттыбаев, «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры: 

- 1956 жылғы вокзал өзі апатты жағдайда болатын. Соның нәтижесінде біз оны толығымен бұзып, қайта соққан болатынбыз. Толығымен ішкі жұмыстарын, абаттандыру жұмыстарын жасадық. Егер вокзалмен аймақталатын болсақ, 6400 шаршы метр абаттандыру жұмыстары жүргізілді, перрондардың бәрі жаңартылған. Ішіне келетін болсақ, барлық жолаушыларға жақсы, ыңғайлы жағдай жасалған. 

Теміржол вокзалының жаңғыртылуын жергілікті жұрт та асыға күтті. Олардың сөзінше, жаңа нысан жолаушылардың жайлы қатынауынан бөлек, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді.

Жоламан Қаженов, Атбасар қаласының тұрғыны:

- Вокзалдың үлесі зор. Мұнда қарым-қатынас көп. Өйткені көп жүк тасылады. Бекет  ортада төрт жолдың торабында тұрған торапты станция. Сондықтан ол үлесін қосады деп отырмын.

Айталық, ел Президентінің «Теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту туралы» тапсырмасына сай өңірде 16 вокзал жаңартылып жатыр. Соның он үшін Integra Construction KZ компаниясы жөндеп берді. Қазір бұл нысандардың барлығы пайдалануға берілді.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz