RU
Толық нұсқаға өту

Қайтарымсыз грант – кәсіпке қолдау

23.09.2026, 20:50 39

Биыл Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы 820 тұрғынға қайтарымсыз грант беру жоспарланса, олардың жартысы қаржыны алды.

Жеке кәсібін ашып, ауылдастарын жұмыспен қамтып, тұрмысын түзеді. Мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдік ауылдағы кәсіпкерілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Гүлнәр Абдуалиеваның қызы церебралды сал ауруына шалдыққан. Жасы 30-дан асса да, перзенті ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан тұрақты жұмысқа шығуға мүмкіндігі болмады. Қазір мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланып отыр. Шілде айында қаржылай грант алып, тігін шеберханасын ашты. Балалар киімі мен ұлттық нақыштағы бұйымдар тігеді.

Гүлнәр Абдуалиева, қала тұрғыны:

- Үш тігін машинасын, кресло алдым, үстел заказ бердім. Біреуі тігеді, біреуі торлағыш жасайды, біреуі бөледі. Мына жас қыздарға, жас келіншектерге, ауру балалары бар қыз-келіншектер болса, сондай адамдарға грант керек. Үйде отырып кәсіптерін ашып, ақша тауып отырғанға керек.

Ал Гюляра Мұсаева наубайхана ісін отбасылық кәсіпке айналдырды. Қазір оған ұлы қолғабыс етеді. Табанды еңбектің арқасында тапсырыс көлемі де ұлғайды. Наннан бөлек, тәтті тоқаш  пісіріп сатуда.

Гюляра Мұсаева, қала тұрғыны:

- Күніне 50-100-ге жайлап шығарып жатырмыз. Наны, тоқашы, лакомкасы бар, пицца, тәттілерді де жайлап қосып жатырмыз. Зейнетақыдан бөлек, табысымыз жақсы болып тұр.

Былтыр өңірде 1008 адам қайтарымсыз грант алып, мемлекеттік қолдауға ие болды. Ал биыл көмек қаржыны 820 тұрғынға беру жоспарланды. Ол үшін облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 395 адам кәсібін ашып үлгерді. Қалған үміткерлерге жыл соңына дейін беріледі. 

Серік Әлібеков облыстық Еңбек мобильділігі орталығының директоры:

- Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қандастарға, көп балалы отбасылар сияқты санаттағыларға беріледі. Негізгі алып отырған кәсіби бағыттар ауыл шаруашылығы саласына және кіші шағын цех, кондитерлік өнім, тігін цехтарын ашуға бағытталған.

Бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз грант 7 санат бойынша беріледі. Оған қатысу үшін үміткер алдымен «Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алып, бизнес-жоспар әзірлеуі керек. Одан кейін конкурсқа қатысады. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен есептілігі бақылауда болады.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz