RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында жүк көлігі жүргізушілерін бопсалаған топ ұсталды

24.09.2026, 09:14 55

Жамбыл облысында жүк көлігі жүргізушілерін бопсалаған топ ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

23 қыркүйекте Жамбыл облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, аталған өңірдегі шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік автокөлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деп күдіктелген қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. 27 тінту іс-шарасы жүргізілді. Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі қаражат, сондай-ақ автомашиналар тәркіленді.

Тергеу бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттердің барлық мән-жайлары, оған қатысушылардың әрқайсысының рөлі, сондай-ақ ықтимал қосымша эпизодтар анықталып жатыр. ІІМ ұйымдасқан қылмыстық топтар мен азаматтарға және бизнес өкілдеріне қысым көрсететін адамдардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz