Алматыда көлігін арнайы айып тұрағынан рұқсатсыз алып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 24KZ.
Көлік иесінің бірнеше өтелмеген әкімшілік айыппұлдары көп болғандықтан, көлігі арнайы тұраққа қойылған. Арада бірнеше сағат өткен соң ер адам құжаттарын алып кету сылтауымен тұраққа келген. Алайда көлігін рұқсатсыз айдап кеткен.
Полиция көлікті іздеуге кірісті. Нәтижесінде ол Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің маңынан табылып, қозғалысы тоқтатылды. Кейін көлік қайтадан арнайы айып тұрағына жеткізілді.
Жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар көлікті арнайы тұрақтан өз бетінше алып кеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Ер адам Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #айып тұрағы #көлікКөліктің арнайы айып тұрағында болуы жай ғана рәсім емес. Айып тұрағынан рұқсатсыз шығу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады, деп ескертті Алматы қаласының Полиция департаменті.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz