RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан

Астанада бір келіден астам мефедронмен 27 жастағы қыз ұсталды

24.09.2026, 11:42 64

Астанада есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 27 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.

Жедел іс-шара барысында полиция күдікті басқарған көлікті тоқтатқан. Автокөліктің салонынан жол сөмкесі табылып, одан ақ түсті, ұнтақ тәрізді зат салынған 20 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысы олардың мефедрон екенін көрсетті.

Сонымен қатар күдіктінің өзіне жүргізілген жеке тінту кезінде тағы бір орама табылған. Бұдан бөлек, ол бұған дейін тағы үш орама жасырған жерін көрсеткен.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіден асқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция есірткі заттарын сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты белгілі болған фактілерді полицияға хабарлауға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz