RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытауда жол құрылысы қарқындады

24.09.2026, 11:39 48

Қарағанды-Жезқазған жолының Ұлытау облысына тиесілі бөлігінде жұмыс қарқынды.

Құрылысқа халықаралық және отандық үш компания тартылған. Мердігерлер күн суытып, қар түскенше топырақ жұмыстарының негізгі бөлігін еңсеріп алуды көздеп отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Қарағанды-Жезқазған жолының Ұлытау облысына тиесілі бөлігінде жұмыс қарқынды. Құрылысқа халықаралық және отандық үш компания тартылған. Мердігерлер күн суытып, қар түскенше топырақ жұмыстарының негізгі бөлігін еңсеріп алуды көздеп отыр. 

Елдос Кәкенов, тілші:

- Жезқазған-Қарағанды бағыты - елдің оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын ең төте жол. Жаңғырту кезінде біз тұрған қолданыстағы жол бұзылмайды. Жаңа трасса осының қапталынан салынып жатыр. Жолдың Ұлытау облысына тиесілі бөлігі 335 шақырым. Құрылысқа халықаралық және отандық үш мердігер компания тартылған. 

Мердігерлер күн райы жылы болып тұрғанда жолдың негізгі табанын төсеп алуға бар күшті жұмылдырған. Құрылысқа 270 техника мен 400-ге жуық жұмысшы тартылған. Бұдан бөлек жол бойында жолшыларға арналған бірнеше қалашық салынып жатыр. Себебі келер көктемнен бастап мұндағы жұмысшылар саны 3 мыңға дейін жетеді. 

Биғазы Бақытжанұлы, мердігер компания өкілі:

- Үшінші лот. 100 километр. 583-683 шақырымда осы жүз километрді жасап жатырмыз. Бүгінде 195 мың текше метр жер жұмыстарын жасадық. Күн суығанша бұл жұмысты жалғастыра береміз. Күн суып, жұмыс істей алмайтын кезде загатовка материал бастаймыз. Қиыршық тас, битум, цемент соның бірін келесі жылға дайындаймыз. 

Жаңадан түсетін жолдың жалпы ұзындығы 457 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау, қалған бөлігі Қарағанды облысына тиесілі. Жол бойында 50-ден астам көпір, 450-ге жуық су өткізу құбыры, 20-дан астам демалыс орыны мен көлік аялдамасы салынады. Аяқталу мерзімі 2029 жыл.

Мерей Шахарбаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры:

- Бұл жоба «под ключ» деп аталады. Бұл жерде мердігер компания өзі жобалайды, өзі құрылысын жасайды одан кейін күтіп ұстайды. Бүгінгі таңда үш мердігерді қосқанда 270 техника жұмыс істеп жатыр. Адам саны 400-ге жуық. Қазіргі таңда миллион кубқа жақын топырақ жұмыстар жасалынды. Жылдың соңына дейін тағы миллион куб топырақ жұмыс жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. 

Жаңа жолды өңір тұрғындары ұзақ күтті. Себебі қазіргі қолданыстағы трасса өткен ғасырдың 70-жылдары салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Ал жаңа жол салынған соң Қарағанды мен Жезқазған арасындағы сапар уақыты 2,5 сағатқа дейін қысқарады. 

Жаңа жолдың құрылысы аяқталған соң қолданыстағы трасса да күрделі жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстар осы жобаның жалғасы ретінде жүзеге аспақ. Яғни қос облысты жалғайтын төрт жолақты күре жолға айналады. 

Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрлан Исмаилов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz