Премьер-министрдің өкімімен Маңғыстау облысындағы оқиғаның себептерін тергеп тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірді. Олжас Бектенов Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шаралары қабылданады.
Тегтер #Каспийдегі қайғылы оқиға #үкімет #комиссия #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz