Атырау қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны шамамен 5 млрд теңге болатын заманауи кірпіш зауытын салатын «Sapa Stone» ЖШС-ның инвестициялық жобасын іске асыруға кедергі болған жер мәселесін шешті, деп хабарлайды 24KZ.
Аумағы 40 гектар жер учаскесіне қатысты сот дауы жыл басынан бері жалғасқан.
Қала прокуратурасының араласуынан және Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен кедергі жойылды. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, заңды күшіне енген сот шешімі инвесторға жобаны дайындау жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қазір компания жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті. Зауыт құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.
Жобаға шамамен 5 млрд теңге инвестиция салынады. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін өңірдегі құрылыс материалдарын өндіру көлемін арттырып, 65-тен астам жұмыс орнын ашуы тиіс.
Прокуратура инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де тосқауылдарды анықтау және жою, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқығын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жер дауы #кірпіш зауытыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz