Сарбаздардың қазасына қатысты қылмыстық іс «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және «Кеме жүргізу қағидаларын бұзу» баптары бойынша қаралып жатыр.
Бұл туралы Үкіметтік комиссияның отырысында белгілі болды. Қанат Бозымбаев оқиғаның мән-жайын қысқа мерзімде анықтап, кінәлі тұлғаларға тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Отырыста қаза болған азаматтардың отбасыларына ерекше назар аударылды. Премьер-министрдің орынбасары мемлекет тарапынан оларға қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Марқұмдардың жанұяларына көмектескісі келетін азаматтардан өтініш түсіп жатыр. Мысалы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі әр шаңыраққа 25 млн теңгеден бөлді. Сондай-ақ бірқатар ірі бизнес өкілдері де материалдық қолдауға ниет білдірген. Ал оқиғадан кейін медициналық мекемеге жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Тегтер #Каспийдегі қайғылы оқиға #үкімет #комиссия #Қанат Бозымбаев #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz