RU
Толық нұсқаға өту

Теңізшілердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. LIVE

25.09.2026, 09:05 48

Теңізшілердің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы құрылған үкімет комиссиясы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев оқиғаға кінәлі тұлғалар қатаң жазға тартылатынын айтты. 

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы кеше түнде өткен Үкіметтік комиссияның отырысында айтылды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің баяндауынша, жауаптылар Қылмыстық кодекстің «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және «Кеме жүргізу қағидаларын бұзу» баптары бойынша жауапқа тартылады. Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, бірқатар тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа тиісті мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев болған оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде толық анықтап, қайғылы жағдайға кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Тергеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды Президент тапсырды. Сондықтан 24 сағат жұмыс істеу керекпіз. Нақты жауапты кісілерді, яғни түк істемеген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту керек.

Отырыста қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына ерекше назар аударылды. Премьер-Министрдің орынбасары мемлекет тарапынан оларға қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Заңда көзделген материалдық көмектен бөлек, көмек көрсеткісі келетін азаматтардан көптеген өтініш түсіп жатыр. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеді. Олардың біреуі қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөлді. Сондай-ақ бірқатар ірі бизнес өкілдері де материалдық көмек көрсетуге ниет білдірген. Айта кетейік, кеше Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде күн райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты теңізге 17 адамды ағып кетті. Олардың 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Ал қазір екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Авторы: Нұрқанат Қанапия

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz