Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтауда қаза тапқан әскери қызметшілерге қатысты көңіл айту жазбасын жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында 18-19 жастағы сарбаздардың қазасына байланысты ауыр қайғысын жеткізді.
«Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені... Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін. Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын...
Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым», – деп жазды Димаш Құдайберген.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Ақтау #қайғылы жағдай #Димаш Құдайберген #көңіл айтты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz