RU
Толық нұсқаға өту

Каспийдегі оқыс оқиғаға қатысты күдіктілер анықталды

25.09.2026, 13:05 48

Маңғыстаудағы қайғылы жағдай бойынша күдіктілер анықталып, қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында тергеудің алғашқы нәтижелері, оқиға себептері қаралды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, жауынгерлердің қазасына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Тергеу қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі, яғни «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және 465-бабы «кеме жүргізу қағидаларын бұзу» бойынша жүргізілген. Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және құтқару іс-шараларын жүргізуге байланысты заң бұзушылықтарға жол берді деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz