RU
Толық нұсқаға өту

Каспийдегі әскери қызметшілердің қазасына қатысты 5 адам тұтқындалды

25.09.2026, 14:10 42

Әскери қызметшілердің қазасына қатысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды. Олардың қатарында Қарулы Күштердің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты адамдар бар.

Атап айтқанда, Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері. Күдіктілерге қызметке салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзу салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген айып тағылып отыр. Қазір олар Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz