Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсету тек ерікті түрде жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Азаматтар мен ұйымдарға қаражат аудару туралы ешқандай тапсырма берілмеген, деп хабарлайды 24KZ.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық қолдау көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар үшін бірыңғай қор жұмыс істеуде.
Бұл ретте қаражат аудару тек ерікті түрде жүзеге асырылады. Облыс әкімдігі тарапынан азаматтарға, кәсіпкерлерге, ұйымдарға немесе олардың қызметкерлеріне қаражат аудару туралы ешқандай тапсырма, талап немесе нұсқау берілген жоқ және берілмейді.
Сондай-ақ қызметкерлердің бір күндік жалақысын аударуы туралы ешқандай тапсырма берілген жоқ. Жалақыны көмек ретінде аудару міндетті емес және әр қызметкердің жеке шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
Қолдау көрсеткісі келетін азаматтар қордың ресми реквизиттері арқылы қаражатты ерікті түрде аудара алады немесе қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарына тікелей материалдық көмек көрсете алады.
Көмек көрсету немесе көрсетпеу – әр адамның жеке шешімі. Қаражат аударуға ешкімді мәжбүрлеуге болмайды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Каспий бойынша #Каспийдегі қайғылы оқиғаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz