RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында 48 шақырым жылу желісі жаңартылды

25.09.2026, 19:36 40

Ұлытау облысында жылу желілерінің 56 пайызы тозған.

Ескі құбырларды жыл сайын кезең-кезеңімен жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Биыл 48 шақырым желі жаңарды. Мың шақырымнан астам электр желісі мен 40 шақырым су құбыры жөнделді. Жезқазған мен Сәтбаев қаласындағы жылу орталықтарында бірнеше қазандық жаңғыртудан өтті. Қазір энергетика кәсіпорындарында көмірдің 1,5 айлық, ал мазуттың жылдық қоры жасақталды. Жауапты мамандар күн райына байланысты кез келген уақытта жылу беруге дайынбыз дейді.

Алмаз Жандарбеков, облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасының басшысы:

- 1400-ден астам барлық көп қабатты үйлердің жылу желілерін жуып-шаю жұмыстары аяқталып, жылу маусымына сай тұр қазір. Толыққанды біз отын қорымызды түгендеп, материалдық запастарымызды, қорларымызды артығымен алып дегендей, сондай жұмыстардың барлығын атқардық. Енді жұмысымыздың дайындығын алдағы қыс көрсетеді. Аман-есен шығамыз деген ойдамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz