Қазақстан Халық Кеңесі саяси жүйеде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болады.
Алғашқы сессияда Президент осылай деп, консультативтік органға зор жауапкершілік жүктелетінін жеткізді. Ең алдымен, бұл жұртшылықтың мүддесі қорғалатын алаңға айналып, заң жобаларын әзірлеу барысында халықтың ой-пікірін, талап-тілегін жеткізеді. Билік пен бұқара арасындағы көпір болады. Сондай-ақ Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек. Тағы бір маңызды міндет – аймақтармен тығыз байланыс орнатып, олардың мүддесін қорғау.
Тегтер #Қазақстан Халық Кеңесі #билік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz