Биыл Ішкі істер министрлігі ел аумағында 1700-ден астам қару тәркіледі. Олардың қатарында автоматтар, тапанша мен мылтықтардан бөлек, граната атқыштар бар.
Тамыз бен қыркүйек айларының басында Алматы, Өскемен, Тараз қалаларында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 152 қару-жарақ тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды. Қазір бұл деректерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ, 20 сәуірден бері тұрғындар 900-ден астам қару мен 6 мыңға жуық оқ-дәріні полицияға өз еркімен тапсырды. Заңға сай олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Заңсыз қару-жарақты тәркілеу акциясы жалғасады.
Тегтер #қаружарақ #ІІМ #гранта #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz