RU
Толық нұсқаға өту

JOLTAP жобасы: 13 мың адам жұмыс тапты

26.09.2026, 17:25 39

Астанада JOLTAP жобасы бойынша оқудан өткен 13 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жоба Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр.

Бастама үш жыл ішінде шағын және орта бизнес пен қызмет көрсету саласы үшін білікті кадрлар даярлауда өзінің тиімділігін көрсетті. Осы уақытқа дейін оған шамамен 42 мың азамат жүгініп, 22 мыңы оқуын аяқтады. Түлектердің 60%-ы жұмыспен қамтылып, 17%-ы фриланс форматында жұмыс істеп жүр. Тағы 2 мыңға жуық адам шағын кәсібін ашты. Тегін оқуға Астанамен қатар Қосшы және іргелес елді мекендердің тұрғындары жазыла алады. JOLTAP жобасын елдің барлық өңіріне тарату тапсырылды.    

Базаркүл Жаңабергенова, JOLTAP жобасына қатысушы:

- Қазіргі уақытта жұмыссызбын, сондықтан осы бағдарламаға жазылдым. Осы бағдарламаны ашып жатқан Мемлекет басшысына көп рақмет айтамын. Ерекше баланың анасымын. Болашақта осы бағдарлама арқылы кәсіп бастағым келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz