Алдағы он жылда экономикаға 3 млн-ға жуық кадр қажет болады. Сарапшылар өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және IT салаларында сұраныс жоғары болатынын болжап отыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұранысқа ие мамандық тізімін 51-ден 174 бағытқа дейін кеңейтті. Қатарында инженерия, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, биотехнология, жасыл және атом энергетикасы салаларының мамандықтары бар. Қазір елде кәсіби стандарттарды жаңартып, жұмыс процесіне енгізу жоспарланып отыр. Бүгінде жұмыс берушілер тарапынан арнайы техника жүргізушілеріне, автокран машинистеріне, экскаватор машинистеріне және инженерлерге сұраныс көп.
Мәди Маратұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» директорының орынбасары:
- Қазіргі таңда жұмыс берушілер жас маманнан тек дипломды ғана емес, нақты практикалық дағдыларды, заман талабына сай құрал-жабдықтар мен цифрлық технологиялармен жұмыс істей алуын, сонымен қатар soft skills дағдыларының барлығын талап етеді. Біздің колледжімізде осы дағдыларды оқу процесінде теория мен практика ғана емес, қосымша цифрлық дағдылар, жасанды интеллект, адамдармен қалай қарым-қатынас жасау, корпоративтік мәдениет, бәрін колледж базасында студенттерге үйретеміз. Оқу бағдарламалары үнемі өзгеріп, еңбек нарығының сұранысына сай жаңартылып отырады.
Тегтер #24KZ #жұмысшы мамандар #сұранысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz