Мемлекеттік инспекция жұмысына әуеден бақылау тәсілін енгізу жоспарланып отыр.
Ол үшін озық инновациялық дрондар қолданылады. Ұшу құралдары қолжетімділігі қиын аймақтардағы өндіріс нысандарын мониторингілеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Еңбек инспекциясы хабарлады. Бұдан бөлек министрлік интеллектуалды бейнеталдау жүйесін енгізбек. Оның көмегімен өндіріс орындарындағы заң бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде анықтауға болады. Арнайы датчиктер қауіпті учаскелерді үздіксіз бақылайды. Барлық шара өндірістегі оқыс жағдайлардың алдын алуға бағытталады. Бүгінде елдегі екі мыңнан астам ірі өнеркәсіп автоматтандырылды. Заңнамаға сәйкес, жұмыс беруші қарамағындағы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Ал міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жұмыс берушілерге жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының бар-жоғын және қолданылу мерзімін уақытылы тексеру ұсынылады.
Тегтер #еңбек қауіпсіздігі #дрон #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz