RU
Толық нұсқаға өту

Қылмыстық топтарға қатысты 45 іс сотқа жіберілді

27.09.2026, 13:50 45

Жыл басынан бері қылмыстық топтарға қатысты 45 іс сотқа жіберілді.

Олардың сапында бопсалау, ұрлық, алаяқтық схемаларын жүргізгендер, есірткі сатып, тасымалдағандар, автокөліктерді заңсыз тіркегендер бар. Мәселен, Алматы қаласында көліктердің VIN-кодтары мен ақпараттық жүйелердегі деректерін өзгертіп, сондай-ақ сату кезінде алаяқтықпен айналысқан 13 адам 8 жылға дейін сотталған. Сол секілді Қарағанды, Астана, Қызылорда қалаларында құқық бұзған қылмыскерлер құрықталып, темір торға тоғытылды. Мұны Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

- Ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасады. Негізгі міндет – құқыққа қайшы әрекетті тоқтату ғана емес, соным ен қатар қылмыстық топтың әрбір қатысушысының заңда белгіленген жауапкершілігінің бұлтартпастығын қамтамасыз ету. Дәлелдемелер базасы жинақталған барлық қылмыстық іс сот үкімі шығарылғанға дейін жеткізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz