RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Азиада-2026: боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті

28.09.2026, 09:40 66

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды «24KZ».

Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында жапониялық Юна Нишинакамен кездесті.

Алғашқы раундта Алуа басымдық танытты. Жапониялық боксшы екінші кезеңде есепті теңестірді. Дегенмен жерлесіміз үшінші үшминуттықта 2:3 есебімен жеңісті суырып алды.  

Осылайша Алуа Балқыбекова кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz