RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Қазақстанда электр көліктерінің сатылымы 207%-ға өсті

28.09.2026, 10:59 48

Қазақстанда ресми дилерлер жыл басынан бері 6003 электрлі және электр желісінен қуатталатын гибрид көлік сатқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 207%-ға көп, деп хабарлайды 24KZ.

Сатылымның басым бөлігі – қуатталатын гибридтер мен жүріс қоры ұлғайтылған көліктер. Сегіз айда олардың 4351 данасы сатылды. Былтыр осы кезеңде мыңнан сәл ғана астам көлік өткізілген.

Толық электрлі көліктердің де сатылымы артқан. Сегіз айда 1652 электромобиль сатылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары.

Сатылым көлемі бойынша BYD маркасы көш бастап тұр. Жыл басынан бері осы марканың 3208 көлігі сатылған. Одан кейін Geely Galaxy, Li және Zeekr маркалары келеді.

Ал электр желісінен қуаттауды қажет етпейтін кәдімгі гибридтердің сатылымы айтарлықтай өзгермеген. Бір жылда олардың саудасы 1209-дан 1284 көлікке дейін өскен. Мұндай көліктердің басым бөлігі – Toyota маркасы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz