RU
Толық нұсқаға өту

Күйік асуында көлік қозғалысы 28 қыркүйектен 4 қазанға дейін шектеледі

28.09.2026, 11:44 62

Республикалық маңызы бар Тараз — Шымкент автожолының 546–557 шақырымдағы «Ескі Күйік асуында» көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды «24KZ».

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, шектеу 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында қойылады. Бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы кезеңде Тараздан Қаратау бағытына қатынайтын көліктер облыстық маңызы бар «Тараз — Аса — Ақкөл — Саудакент» және «Аса — Қарабастау» автожолдары арқылы өтеді. Шымкенттен Тараз бағытына қарай жүретін ауыр жүк көліктері үшін қозғалыс «Жаңа Күйік асуы» арқылы ұйымдастырылады. «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден уақытша шектеулерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын сақтауды сұрайды, — делінген хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz