RU
Толық нұсқаға өту

Қырғызстан мен Өзбекстанда жер сілкінісі тіркелді

28.09.2026, 13:20 48

Жер сілкінісі Өзбекстанда да таңғы сағат тоғыздар шамасында болды, деп хабарлайды 24KZ.

 Елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Республикалық сейсмикалық мониторинг орталығының мәліметінше, зілзала қуаты 3,6 балға жеткен. Дүмпу ошағы Ташкент қаласынан 66 шақырым жерде тіркелді. Бұған дейін Қырғызстанда да екі жер асты дүмпуі сезілген еді. Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты таратқан мәліметке сәйкес 27-ші қыркүйек күні түнгі сағат үштер шамасында жер сілкінген. Кейін сол күні таңғы сағат 07:42-де дүмпу қайталанған. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz