RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Al Jazeera медиа апталығы басталды

28.09.2026, 14:50 57

Мақсұт Нәрікбаев университетінде ұйымдастырылған шараның бағдарламасы жеті бағытты қамтиды. Студенттер фильм түсіру, мобильді журналистика, фактчекинг және басқа да бағыттар бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіреді, деп хабарлайды 24KZ.

Al Jazeera Media Institute-тың тәжірибелі мамандары ағылшын тілінде 100 сағаттан астам теориялық және практикалық сабақ өткізеді. Оқу қорытындысында үздік екі студент іріктеледі. Қатысушылар апталық аясында өздерінің медиа жобаларын таныстырып, халықаралық сертификаттарға ие болады.

Айта кетерлігі, жоба Президент Телерадиокешені мен Al Jazeera Media Institute арасындағы келісім негізінде жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта басқа да шетелдік компаниялардың мамандарын шақырып, осындай шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.

Еркежан Күнтуған, ҚР Президентінің Телерадиокешені директорының орынбасары:

— Біздің алдымызда үлкен мақсат тұрды. Президент ТРК жыл сайын әлемнің ірі медиа құралдарымен келісім жасайды. Осы келісімнің барлығы тек біздің қызметкерлер үшін ғана емес, университеттің студенттеріне де жалғастырсақ деген ойымыз болды. Осы идеяның төңірегінде содан бастау алған жоба — апталықтар. Алғашқысы болып осы Al Jazeera апталығы болды. Биыл Al Jazeera апталығы екінші рет жүзеге асып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz