CTS transportation компаниясының мәліметінше, қыркүйекте тәулігіне орта есеппен 80 мың жолаушы рельсті жолмен жүрген, деп хабарлайды 24KZ.
Жолаушылар жиі мініп-түсетін стансалар қатарында «Университет», «Бәйтерек», «Нұрлы жол» бар. «Университет» стансасы арқылы осы күнге дейін 1 млн 460 мыңнан астам адам қатынаған. «Бәйтерек» стансасы 1 млн 200 мыңнан аса жолаушыны өткізіпті. Сол сияқты «Нұрлы жол» стансасына да бұл күнге дейін 1 млн 60 мыңнан астам адам мініп-түскен екен. Жол ақысын көлік картасы, банк карталары және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.
Тегтер #24KZ #Tarlan Аstana #CTS transportationPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz