Жұмысшы мамандықтары бойынша жұлдызы жанған жастар. Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында сегіз жүлдеге ие болды. Оның бірі қола, тағы кәсіби шеберлігі үшін алты медаль алқаланып, «Best of Nation» марапатына да қол жеткізді, деп хабарлайды 24KZ.
Сонымен Руслан Нестеренко «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» бойынша қола алды. Бұл бағыт жарыс бағдарламасына алғаш рет енген. Кәсіби шеберлігі үшін Ағыбай Мұхаметжан «веб-технологиялар», Нодирбек Рустамханов «сантехника және жылыту» аталымында алға шыққан.
Ал Вадим Витковский «дәнекерлеу технологиялары» болса, Дарья Мельник «өнеркәсіптік дизайн» және Бағыжан Қойшыбаев «графикалық дизайннан» дараланды. «Мехатроника» бойынша Рамазан Нұрлан мен Денис Панин топ ретінде жүлделенді. Сондай-ақ Камила Алиева «цифрлық интерактивті медиа дизайны» құзыреттілігіне сай «Best of Nation» марапатына ие болды.
48-ші әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысқан.
Тегтер #24KZ #Қазақстан құрамасы #WorldSkills Shanghai 2026 #жүлде #чемпионат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz