RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі 441 мың тоннадан асты

28.09.2026, 17:16 49

Қазақстанда биылғы қаңтар-тамыз айларында 441,3 мың тонна өңделген сүт өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға көп, деп хабарлайды «24KZ».

Өңделген сүт өндірісінің ең жоғары көлемі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 120,8 мың тонна. Одан кейін Ақмола облысы – 96,2 мың тонна, Алматы облысы – 64,7 мың тонна және Қостанай облысы – 43 мың тонна.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 671 мың тонна өңделген сүт өндірілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға жоғары.

Сонымен қатар биылғы қаңтар-шілде айларында өңделген сүт экспорты 2,9 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3%-ға көп.

Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан. Оның ішінде Ресейге 2,24 мың тонна, Өзбекстанға 307,9 тонна, Тәжікстанға 194 тонна өңделген сүт жөнелтілген.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz