Бұл мәселе әсіресе үлкен қалаларда өте өзекті.
Астанада жыл басынан бері мұндай 46 мың жағдай тіркелген. Бұл туралы қалалық Әкімшілік полиция басқармасының мамандары мәлімдеді. Ескертуді елемейтіндерге қандай шара қолданылады?
Құрылыс құралдарының шуы, көшедегі көліктердің гүрілі, көршілердің дүбірі түн ұйқыны төрт бөледі. Көп қабатты тұрғын үйде тұратын қараша үшін бұл мәселе жақсы таныс. Әсіресе жаз шығып, күн жылынғанда терезені ашып тынығу мүмкін болмай қалады. Көбі көршімен керіскенді емес, келіскенді қош көреді. Дегенмен, құқық қорғау қызметкерлеріне жүргінетін жағдайлар да бар.
БЛИЦ:
- Басқа адамдарды да сыйлау керек қой. Түнде жұмыстан келеді, демалады, а сырттан шулайды.
- Үйдегі мазасыздық кетірсе, көршілерге барып, бір ауыз сөз ескертіп, сұрап, баяулатсаңыздар - Полицияға жүгінбейсіз? - Жоқ, қажеті жоқ.
- Бірінші көршімен сөйлесіп, түсінсе түсінгені, түсінбесе полцияға хабарласып, ескерту жасау керек болады.
Мәселен, елордада жыл басынан бері 46 мың астаналық беймезгіл уақытта шу шығарғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Әсіресе мотоцикл жүргізушілері жиі заң бұзатын көрінеді. Мұндай 168 жағдай тіркелген. Түні бойы шуылдап, тұрғындардың тыныштығын бұзатындардың базынасы билік басында да қаралған. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің өзі мәселеге мән беріп, құқық бұзғандарды қатаң жазалау қажет екенін ескертті.
- Оларды өте қатаң шаралар қабылдау керек. Әйтпесе түн ортасында адамдардың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Тәулік бойы полиция жұмыс істейді. Мынау бүгінгі күнде цифрлық шешімдер, камералар көп көмектеседі. Камерамен анықтаймыз, жалпы қоғам белсенділік танытып жатыр. Адамдар телефон арқылы шалып біздің 102-ге осындай мәліметтерлі баяндайды. Бұл жұмысты күшейтеміз.
Иә, құзырлы орган өкілдері қол қусырып отырған жоқ. Сақшылар сап түзеп, біз де олармен бірге қала көшелерін араладық. Бірнеше сағатта шу шығарған 46 адам анықталып, тәртіпке бағынбағаны айыппұл арқалады. Ал 524 тұрғынға жол ережесін бұзғаны үшін шара қолданды.
Махамбет Төлешов, Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгін арнайы рейд шаралары өткізіліп жатыр. Осыған 30 астам экипаж жұмылдырылды. Басты мақсатымыз осы әсіресе мотокөлік жүргізушілерінің бұзушылыққа жол бермеу болып табылады. Осы рейд бір күндік жұмыс емес, күнделікті жұмыс өткізеді. Осы қабылданып отырған шаралардың негізінде апаттылық төменделді деуге болады. Мәселен, былтыр 280 астам жол көлік оқиғасы тіркелген, осы мотокөліктің қатысуымен, биыл осы көрсеткіш 30-ға дейін азайды.
Иә, жұмыс күндері сағат 22.00-ден, ал демалыс пен мереке күндері 23.00-ден кейін тыныштық орнауы шарт. Ал ескертуді елемей, тыныштықты бұзғандар заң алдында жауап береді. Беймезгіл кезде шу шығарған тұрғындарға 5, шағын және орта кәсіп иелеріне 20 мен 30, ірі кәсіпкерлік нысандарына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Жеке тұлға - 5 АЕК
Шағын және орта кәсіпкерлік нысан - 20-30 АЕК
Ірі кәсіпкерлік нысан - 100 АЕК
Шернияз Жалғасбекұлы, Марат Диханбаев
Тегтер #түнгі тыныштық #айқай шу #мотокөлік #көрші #полицей #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz