Ұлытау облысында төрт теміржол вокзалы жаңартылып, жолаушыларға пайдалануға берілді.
Жаңарған нысандар Жезқазған, Қаражал қалаларында, Жаңаарқа ауданында және Қызылжар бекетінде орналасқан. Жаңартылған вокзалдар заманауи талаптарға сай жабдықталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елдегі 125 теміржол вокзалын жаңғырту жобасы аясында жүзеге асты. Жезқазған теміржол вокзалының ғимараты 1941 жылы салынған. Содан бері алғаш рет кешенді жаңартудан өтті. Жоба аясында вокзал ғимаратының аумағы 541 шаршы метрден 2 мың 500 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Жаңарған вокзал бір мезгілде 500-ге жуық жолаушыны қабылдап, тәулігіне 2 мыңға жуық адамға қызмет көрсете алады.
Тегтер #Ұлытау #вокзал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz