Ақтөбе өңірінде жол қозғалысын дрондар бақылайды. Осының арқасында 580 дерек анықталды. 111 жағдайда көлік жүргізушілері қарсы бағытқа шығып кеткен.
48 жүргізуші бұрылмайтын жерден бұрылған. 80-і қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ал 55 адам рөлде отырып телефонмен сөйлескен. Осындай қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру – апатқа жиі себеп болатын негізгі факторлардың бірі. Биыл жол-көлік оқиғалары былтырғыдан 7 пайызға азайды. Дегенмен жағдай әлі де алаңдатарлық. Жыл басынан бері өңір жолдарында 78 адам опат болды, 1800 адам түрлі дене жарақатын алған. Айта кету керек, жол бойын дрондар ғана бақыламайды, қосымша құрылғылар да орнатылып жатыр.
Ардана Саймағамбетов, Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары:
- Жол-көлік оқиғаларының саны мен одан жарақат алғандардың 80 пайыздан астамы елді мекендерде, соның ішінде Ақтөбе қаласында тіркеледі. Ал керісінше, қаза болғандардың 60–70 пайызы сырт жолдарда тіркеледі. Сондықтан Полиция департаментінің жұмысы екі бағытта жүргізіледі. Яғни сырт жолдарға орташа жылдамдықты өлшейтін кешенді аппараттарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал елді мекендерде ақылды жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Тегтер #жол ережесі #Заң мен тәртіп #жол көлік оқиғасы #Ақтөбе облысы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz