Астанада коммуналдық мүлікті бүлдірген 143 адамға айыппұл салынды. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға шақырды, деп хабарлайды 24KZ.
Қала әкімінің айтуынша, көшелерді күн сайын патрульдейтін полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды анықтап жатыр. Биыл қоғамдық орындарды ластауға қатысты 928 құқық бұзушылық тіркелген.
Күн сайын тұрғындармен бірге қаламызды жайлы, таза әрі көрікті ету жолында еңбек етіп келеміз. Алайда, өкініштісі, вандализм фактілері мен қоғамдық кеңістіктерге немқұрайлы қарайтын жағдайлар да кездеседі. Кейбір азаматтар аялдама павильондарын, қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, мүсіндерді, абаттандыру элементтерін және т.б. нысандарды бүлдіріп кетеді. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар, – деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар елордада граффитиді жою жұмыстары күшейтілген. Әкімнің сөзінше, кейбір жазулар арқылы есірткі заттары жарнамаланады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Жеңіс Қасымбек #әкім #ескертуЗаңға сәйкес қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет жасағандарға қатаң шаралар қолданылып, қажет болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Ал кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін олардың ата-аналары заң аясында жауап береді, – деді елорда әкімі.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz